8 (701) 394 03 38

2020 - Еріктілер жылы

Осы жылы, яғни 2019ж. Қазақстанда жастар жылы деп аталып өтіп, Елімізде бірқатар шаралар атап өтілген болатын. Ал, алдымыздағы 2020ж. Қазақстанда еріктілер жылы болмақ. Алдымен еріктілер олар кімдер деген сауалға келетін болсақ?  Ерікті - бұл мұқтаж адамдарға көмектескісі келетін қайырымды жан. Ерікті өзінің көлігімен, уақытымен немесе күш жігерімен көмектесе алады. Осы орайда "Игі іске бастама" қоғамдық бірлестігі осыған аса мән беріп сайтымызда "Еріктілер қатарына қосылу" атты рубрика ашып қойдық. Бұл парақшаны ашып сіз өз аты-жөнінізді, mail адресініз және ұялы телефоныңызды жаза отырып еріктілер қатарына тіркеле аласыз. Мұндағы мақсат мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау, қаланы көкалдандыру, тал егу, табиғатымызға бей-жәй қарамау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және т.б. шараларға ат салысу. Жалпы алғанда Еліміздің өркендеп көркеюіне өз үлесімізді адал ниетпен, кең пейілмен атқару. Келіңіздер, тіркеліңіздер игі істі бірге атқарайық!

1
1
1
1
Салынған күні : 08.12.2019ж.